A place where you need to follow for what happening in world cup

Төтенше жағдай мерзіміндегі кәсіпкерлерді қолдау шаралары

474

 

Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде ҚР Президенті Қ. Тоқаев шағын және орта бизнеске теңдессіз қолдау көрсетуді тапсырды. Қазақстандық кәсіпкерлер салық жүктемесін азайту тұрғысынан қосымша қолдауды қажет етеді. Бұл әсіресе, жұмыспен қамтуды сақтау және жалақы төлеу бойынша аса маңызды. Сондықтан экономиканың көбірек зардап шеккен салаларындағы ШОБ субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорынан аударымдар мен салық төлеу 6 айға алынып тасталды.

Жаңа бастамалар бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруды, қосымша салықтық ынталандыруларды іске асыруды, бизнесті тексерулерден шектеуді қарастырады. Мемлекет басшысының «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Жарлығына сәйкес бизнесті қолдау бойынша салықтық ынталандырулар қабылданды. Олар саудадан бастап туристік бизнеске дейінгі экономиканың түрлі секторларын қамтыды. Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге ұсынылатын жеңілдіктер немесе салық каникулдары осы жылғы 1 маусымға дейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтардың барлық түрлерін, басқа да міндетті төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді кейінге шегеру мүмкіндігі берілді. Сонымен қатар биылғы 1 маусымға дейін өсімпұл есептеу, шығыс операцияларын тоқтату, мүлікті билеуін шектеу бойынша шараларды қабылдау және салық және кеден қарыздарын, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу (тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда) тоқтатылды. Ірі сауда нысандары, сауда-ойын-сауық орталықтары, кино залдары, театрлар, көрмелер мен спорт нысандары бойынша, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй және туристік қызмет салаларында жұмыс істейтін салық төлеушілер бойынша мүлік салығын төлеуден жыл соңына дейін босату қарастырылды. Салық салудың жалпы белгіленген тәртібі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер де жыл соңына дейін жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында ірі қара мал мен асыл тұқымды балапандарды қамтитын АӨК биологиялық активтерінің импортына ҚҚС салынбайды. Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға арналған жерлер бойынша жер салығын төлемейді.

Салықтық әкімшілендіру бойынша 2020 жылдың 1 маусымына дейін ШОБ субъектілері үшін бюджетке барлық салықтар мен міндетті төлемдер мен әлеуметтік жарналарды (ЖТС, әлеуметтік салық, жұмыскер үшін әлеуметтік және медициналық сақтандыру) төлеуді кейінге шегеру, сондай-ақ салық, кедендік және әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстары тоқтатылды.

Тексерулер мен айыппұлдар Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімі тоқтатылды. Қазірдің өзінде басталған тексерулер төтенше жағдай кезеңінде тоқтатыла тұрады, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін тексеру жұмыстары қайта басталады.

Сонымен қоса, Мемлекет басшысы экономиканың аса зардап шеккен секторлары бойынша ШОБ-ты биылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі мерзімде еңбекақы төлеу қорынан міндетті төлемдер мен салық төлеуден босатуды тапсырды, оның ішінде сауда нысандары, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй бизнесі нысандары, көлік және консультациялық қызметтер мен ІТ саласы бар.

Арендалық төлемдер 26 наурыздан бастап Қаржы министрлігі мен ЖАО бір жақты тәртіппен 20 маусымға дейін мемлекеттік мүлікті жалдау шарттары бойынша арендалық төлемдерді есептеуді тоқтатты. Бұл санатқа: мектеп асханалары, ауруханалардағы, емханалардағы дәріханалар және т. б. кіреді.

ШОБ субъектілерін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі Қазақстан Президентінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында төтенше жағдай режимі кезінде халықты және кәсіпкерлікті қолдау жөнінде бірқатар шаралар қабылдады. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын әзірледі. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін шағын, орта кәсіпкерлік субъектілеріне және жеке кәсіпкерлерге екінші деңгейдегі банктерге шартты салымдарды орналастыру арқылы 600 млрд теңге бөлінді.

Бизнесті қолдау тетігі екінші деңгейлі банктердің төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым капиталын толықтыруға 12 айға дейінгі мерзімге, жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша жеңілдікті несиелер беру жолымен іске асырылады. Бұдан өзге, «Бизнестің жол картасын» іске асыруға қосымша 84,5 млрд теңге бағыттау көзделген. Кәсіпкерлердің несиелері бойынша субсидиялау мен кепілдік беру арқылы кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту көзделген. «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге сомасында қосымша шығындар қарастырылған. Соның нәтижесінде, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығы мен дағдыларының тиімді моделін құру жалғастырылатын болады.

Ауданымызда тіркелген ШОБ  субъектілерінің саны 5017 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілер саны 4393 бірлікті құрады.

Жұмыс істеп тұрған субъектілердің ішінде 199 бірлік заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер 1935 бірлік және шаруа қожалықтар 2295 бірлік. Шағын және бизнес саласында 6224 адам жұмыс атқаруда. Аудан кәсіпкерлері жоғарыда аталған мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардан шет қалмады деп айтуға толық сенім бар.

 

Төлендиев  Бауыржан  Жанатбекұлы,

Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік,

 өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.