A place where you need to follow for what happening in world cup

Азық-түлік бағасын көтергендерге айыппұл салынды

168

2020 жылғы 3 сәуірдегі министрліктердің (ҚР-ның сауда және интергация министрлігі, ҚР-ның ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР-ның Ұлттық экономика министрлігі) «Әлеуметтік мағызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» Бірлескен бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар 9 азық-түлік тауарларының шекті бағалары белгіленген.
Тараз қаласы әкімінің 22.04.2020 жылғы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында жұмыс тобын құру туралы» №47-ө өкімімен шекті бағаларға бақылау жүргізетін жұмыс тобы құрылды.
5.05.2020 жылы жұмысшы тобымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу барысында 2 дүкенде қарақұмық, күріш, жұмыртқа, тұз бағаларының шекті бағадан асып тұрғаны анықталды.
Аталған дүкен басшылары ӘҚБтК-нің 202-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы соммасы 555 600 теңгені құрайтын айыппұл салынды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.