A place where you need to follow for what happening in world cup

Коммуналдық шығындар өтеледі

186

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №212 бұйрығымен Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу Қағидалары бекітілді. Коммуналдық қызметтерді (электр, газ, жылу, ауыз су, кәріз, ТҚҚ шығару) өтеуге құқығы бар келесі азаматтардың санаттары белгіленді.
1) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер;
2) мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар;
3) көпбалалы отбасылар;
4) ҰОС соғысының мүгедектері мен қатысушылары және ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген азаматтар;
5) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін,әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңестігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасы;
6) ең төмен аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер;
Ағымдағы жылдың сәуір, мамыр айлары бойынша аталған санаттарға жататын коммуналдық қызмет тұтынушылардың дербес (абоненттік) есеп-шоттарына тікелей 15000 теңге көлемінде шығындар өтеліп тұрады.
Бұл көмек коммуналдық қызметтерді жеткізуші ұйымдармен өз аттарына келісімшарттары бар аталған санаттарға жататын азаматтарға көрсетіледі. Тек қана мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар, көпбалалы отбасылар және өз міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары санаттары үшін коммуналдық ұйымдармен келісімшарт (абоненттік есеп) осы отбасы мүшелерінің біреуінде болуы қажет.
15000 теңге алу жолдарын түсіндіру жұмыстарымен айналысатын Жуалы ауданы әкімінің бас инспекторы Сүгірбеков Ермұхан Жандарбекұлы. Осыған байланысты сұрақтармен төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.
Саll орталық нөмірлері: 8(726 35) 2-00-50, 8(726 35) 2-03-96.

Асхат ЖАБАҒЫ,
Жуалы ауданы әкімінің орынбасары

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.