A place where you need to follow for what happening in world cup

Босаңсуға болмайды

183

Бүгінгі Ақорда төрінен жеткен ақпарат көптің көңілін күпті еткен сауалдарға жауап бергендей болды. Қиын сәтте ешбір сала қолдаусыз қалмайды, әсіресе сындарлы сәтте еңбек даласында жүрген ауыл шаруашылығымен айналысатындардың жұмысы тоқтамайтынын білдік. Экономикалық тұрғыда елеулі компаниялар жұмысына рұқсат беру ертеңге деген қарекет болса керек. Алдымызда мамыр мерекелері келе жатыр. Жылдағыдай жиналып тойлауға мүмкіндік жоқ. Бірақ майдан көрген ардагерлер назардан тыс қалмайды. Лайықты құрмет көрсетілетін болады. Бұл «Nur Otan» партиясының басты жұмыс бағыты болатыны сөзсіз. Жарға жығатын жалған ақпаратқа ермей, елдегі жасалып жатқан жұмыстар тек қана елдің игілігі екендігін айтқым келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың үндеуін қызу қолдап, жүктелген жауапкершілікті бірге көтеріп, әлемге қауіп төндірген кеселді бірге жеңеміз дегім келеді. Біз біргеміз, сабыр сақтайық.

Айнұр Рахымбаева

Шу аудандық мәслихат депутаты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.