A place where you need to follow for what happening in world cup

«Біз біргеміз!»

312

«Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында Оразалы батыр ауылында жомарт азаматтардың демеушілігімен тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратылды. Мәселен, Шу ауданының Құрметті азаматы, Ақсу ауылының тұрғыны Бахытжан Тлеужанов азық-түлік алу үшін 500 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті. Комиссия құрылып, жиналған ақшаға дүкеннен әрқайсысына 13 мың теңге көлемінде азық- түлік әкеліп таратып бердік.

Комиссия құрамында Ақсу ауылының әкімі Талғат Итекеев, бас мамандар Нұрлан Ахметов, Ерсін Нұрғалиев, Ақсу ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы Нұрғазы Төлендиев, Оразалы батыр ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы осы жолдардың авторы, Ақсу ауылы жастар ісі жөніндегі инспекторы Елдос Әбішевтер болды.

«Жақсы адамға мал бітсе ағайынға қарасар» — дегендей Бахытжан Тлеужа- нов әрдайым ауылымызға қол ұшын беріп тұрады. Өткен жылы Қарттар күнінде де бір қойын сойып, дастарханын жасап, қарттардың, қалың жұрттың алғысын алған еді. Ауыл мектебіне, мешітіне қамқорлық жасап, қаржылай көмек беріп тұрады. «Аға жолы – ініге мәлім» демекші, Бахытжанның игі бастамасын ауылымыздың иманжүзді азаматтары жалғастырды. «Оразалы батыр» шаруа қожалығының басшысы Өтеген Бошқаев 150 000 теңгеге 10 адамға, ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен Елдос Әбішев бір адамға, клуб меңгерушісі Зухра Әбілова бір адамға, Медет пен Айзат Итекеевтер 15 мыңнан 2 адамға берді. Ауылымыздың тумасы, қазір Шу қаласының тұрғыны, «Сенімді Ақ ниет» қайырымдылық қорының мүшесі Ербол Мартбекұлы 3 адамға 60 мың теңге көлемінде азық-түлік әперді. Бұл азаматтарға жақсы тілегімізді айтып, ақ батамызды бердік. Лайым арамызда осын- дай жомарт адамдар саны көбейе берсе екен дейміз.

Жайлаубек ҚАЛИЕВ,

Оразалы батыр ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы.

Жамбыл облысының «Құрмет ардагері».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.