A place where you need to follow for what happening in world cup

Шу ауданында азық-түлік бағаласы қалыпты

143

Шу ауданында азық-түлік бағаларының жалпы жағдайы қалыпты.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің қызметкерлері және штаб мүшелерімен күнделікті баға мониторингі жүргізіліп отырады.

Негізінен штаб мүшелері  Төле би ауылдық округі мен Шу қаласындағы 11 ірі сауда үйлеріне (Диас, Қазына, Халық-1,2, Майра, Әмина, Да-Ди, Дәмдес, Нұрсұлтан, Бахар, Адия) және  «Сауда – Сервис»  ЖШС Шу қаласындағы орталық базарындағы тауар бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізеді.

Бүгінгі күнге ҚР Сауда және Интеграция Министрлігімен анықталып, бекітіліп берілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы тауар айналымының бағалары бойынша аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің қызметкерлері және штаб мүшелерімен аудандағы 11 ірі сауда орталықтарына бекітілген тауардың 9 түрі бойынша бағасын шекті бағадан асырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұйрықпен таныстырылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аудан халқы көп тұтынатын сауда орталықтарының бірі «Да-Ди» сауда орталығы, «Қазына» сауда орталығы, «Халық-1,2» сауда орталығы, «Бахар» сауда орталығы, «Майра» суада орталығы және «Дәмдес» сауда орталықтағында бекітілген шекті бағадан азық-түлік тауарларының бағалары төмендетілген.

Бүгінгі күнге ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, атап айтқанда:

  1. Ақмаржан күріші-240тг.
  2. Бірінші сұрыпты бидай ұны-136тг.
  3. Қарақұмық жармасы (гречка)-345тг.
  4. Бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан 500гр.-95тг.
  5. Рожки-180тг.
  6. Сиыр еті-1774тг.
  7. 2 санатты жұмыртқа 10 дан-300тг.
  8. Өсімдік майы-күнбағыс майы-380тг.
  9. Ас тұзы-50тг.

Бекітілген шекті бағадан аталған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан жоғары тауарлары:

  1. Қарақұмық жармасы-345 теңгені құрап 26,6%-ға қымбаттаған (бекітілген шекті баға 260 тг.) Себебі, қарақұмық Алматы қаласынан тасымалданатынына байланысты, бағасы қымбат.

Аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу нәтижесінде көтерме саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлерде жалпы көлемі ұн-40 тонна, пияз-504 тонна, картоп-102 тонна, сәбіз-19 тонна, қырыққабат-16 тонна, қант-19 тонна бар екені анықталды.

Орта есеппен аудандағы азық-түлік қоры бір айдан артық уақытқа жеткілікті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.