Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты карантин шараларының енгізілуі біршама азаматтарды қиын жағдайда қалдырды. Дегенмен, белсенді жандар оларға тұрақты түрде қол ұшын созуда.Мәселен, Шу ауданы бойынша 34 ерікті, 642 отбасына қайырымдылық шараларын көрсетті және 195 – дәрі дәрмекпен, 1100-маскалармен қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, аудан аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу барысында жарияланған төтенше жағдайға байланысты аймаққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарымен интернет-ресурстарда және әлеуметтік желі парақшаларында жалпы саны 2004 материал жарияланды.
Оның ішінде, басылымдарда 58 материал, ақпараттық сайттарда 170 материал, телеканалдарда 15 сюжет, әлеуметтік желілерді 1759 материал жарияланды.
Аудан әкімі, құқық қорғау, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдерінің қатысуымен 2 брифинг өткізілді.
Ауылдық елді мекендерде 25 билборд орнатылып, 35 –инфографика жасалып, 10800 — брошюра, – 6050 жадынама таратылды.
Шу ауданында коммуналдық қызмет төлемі үшін берілетін 15 000 теңге бойынша Call-центр номері : 2-22-59