A place where you need to follow for what happening in world cup

Шу ауданында коммуналдық тарифтер төмендетілді

182

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдайға байланысты коммуналдық тарифтерді төмендету шарасы қолға алынған еді. Аталған бағыттағы жұмыстар Шу ауданында да жүргізілуде.

Мәселен, жылу бойынша «Шу-Жылу» мекемесі 01.04.2020 жылдан бастап жылу энергиясын пайдаланып отырған тұтынушыларға жылу ақысының тарифі 10 пайызға төмендетті:

  • тұрғындарға орташа босату тарифі 1 Гкал-2024,135 ҚҚС-сыз, оның ішінде:
  • есептеу аспаптары бар тұрғындарға  теңге Гкал-1748,76 теңге ҚҚС-сыз, есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға 1 Гкал-2429,22 теңге ҚҚС-сыз;
  • жылу үшін 1 м2-86,80 теңге ҚҚС-мен;
  • ыстық суға үшін 1 адамға-557,70 теңге ҚҚС-мен;
  • ыстық су есептеу аспаптары үшін 1 м3-174,72 теңге ҚҚС-мен.

Ал, ауыз суға жауапты «Теміржолсу-Шу» мекемесі тұрғындарға су бағасын 1 текше метріне 24,15 теңге етіп, 5 пайызға төмендетті.

Бұдан бөлек, ТЖ кезінде аудандағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 3 блок-посттар (Көкқайнар, Шу қаласы, Жаңакоғам) орналасқан. Блок-посттарда тәулігіне 6 полиция қызметкері,  3 арнайы автокөлік, және 6 медицина қызметкерлері кезекпен жұмыс жасайды.  Блокпост қызметкерлері бейнетіркегіштермен және «Сергек, блокпост» бағдарламасы орнатылған планшетпен қамтылған.Бүгінгі күнге төтенше жағдай режимінің ережелерін бұзудың 16 дерегі анықталған оның 15-і әкімшілік іс (10-ескерту, 1-айыппұл, 4-әкімшілік қамауға алу) тартылды, 1-қылмыстық іс (жалған ақпарат тарату дерегі).

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.