Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков аудандағы бірнеше шаруа қожалықтарда болып, көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі уақытта егіс алқаптарында жұмыс қызу жүруде. Жалпы биылғы жылы 27 750 га жерге арпа дәні егілді. Одан бөлек 21 110 га майлы дақылдар, 2560 га картоп, 660 га көкөніс, 750 га жүгері егуді жоспарлап отыр.
Ал ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру пилоттық жобасын жүзеге асырып отырған Ақтөбе ауылдық округінде жас баладан еңкейген қартқа дейін егін даласында. Бастысы – тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып, суды үнемдеу технологияларын енгізуді жалғастыру болып отыр.
Шаруалардың басты мәселелерінің бірі – жұмыс күшінің жеткіліксіздігі болып отыр.Аудан басшысы тиісті мекемелерге карантинге қарамастан көктемгі дала жұмыстарында іркіліс болмау керектігін, жұмысшылардың егін даласына кедергісіз жеткізілуін ұйымдастыруды ескертті.