A place where you need to follow for what happening in world cup

Жарылқасын Айтақов шулықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

300

Қадірлі  жерлестер!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Рамазан айы — айлардың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Оразаның келуімен адамның бойындағы қанағатшыл қасиеттер де бірге оянады. Мұсылман қауымы өзін сабыр мен төзімге тәрбиелеумен бірге, айналасына деген сүйіспеншіліктің, қайырымдылық пен мейірімнің, ізгілік пен ілтипаттың үлгісін көрсетеді. Адамзат рухани кемелденіп, жан-дүниесі тазарады.

Өздеріңіз білесіздер, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай уақытына келіп отыр. Сондықтан бір-бірімізге сүйеу болып, қайырымдылық айында қолдан келгенше көмек қолын ұсынып, мұқтаж жандарға көбірек жәрдем көрсетіп, қолдау білдірейік.

Елімізде  Сіз бен біздің денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміз үшін жасалып жатқан жұмыстарға баршамыз жауапкершілікпен қарайық.

Осы орайда, сіздерді  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға,  ораза айының қадір-қасиетін терең ұғынып, имандылық жолындағы берекелі істердің жаршысы болуға шақырамын.

Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін.

Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.