A place where you need to follow for what happening in world cup

Бағлан Қарашолақов Жуалы ауданына арнайы барды

455

Жамбыл облысындағы коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жарияланған Төтенше жағдайға байланысты құрылған түсіндірме және бақылау тобының Жуалы ауданына жауапты топ жетекшісі облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов Жуалы ауданына арнайы келді.

Бағлан Жиенәліұлы іссапарын аудандық пошта байланыс торабынан бастады. Аудандық пошта байланыс торабына келген аудан тұрғындарын кезекке талапқа сай қоюды пошта басшысы мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ретке келтіруде. Пошта басшысы Бақытжан Устаев поштадағы жағдаймен таныстырды. Пошта ішінде де тиісті тәртіп сақталған. Ішке кірген адамдар антисептик құралын пайдалануда.

Бағлан Жиенәліұлы әрі қарай аудандық әкімдіктің мәжіліс залында жиын өткізді.

Жиын алдында аудандағы халық көп жиналаьтын орындарды дезинфекциялауға шыққалы тұрған топтың жұмысымен танысты. Отряд жетекшісі аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жол-көлік және авитомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерболат Сейітбеков күнделікті атқарып жатқан жұмыстарын айтып өтті.

Мәжіліс залдағы жиынға Төтенше жағдайға байланысты ауданнан құрылған түсіндірме және бақылау тобының құрамы шақырылды. Топтың аудандағы жетекшісі аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков. Топ құрамына  аудандық мәслихат депутаттарымен қатар кәсіпкерлер, қоғам белсенділері кірген.

Аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы Төтенше жағдайға байланысты ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен жан-жақты таныстырып өтті.

Бұдан сөз кезегін алған Бағлан Жиенәліұлы топ мүшелерін зерделеу жұмыстарына арналған жадынамамен таныстырды.

-Жұма күні өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жиын өтті. Еліміздегі Төтенше жағдай сәуір айының соңына дейін созлылатын болды. Сол себептен осы түсіндіру топтары құрылып отыр.

Ондағы мақсат – халыққа карантин шараларын жете түсіндіру. Қызылорда, Павлодар облысынада бір адамнан қаншама адамға жұғу жағдайлары болғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан мұндай жағдайға жол бермеу үшін сақтық шараларын күшейтуіміз керек. Билік, депутаттар, қоғам белсенділері, халық болып бірікпесек, бұл індетті жеңу қиын.

Карантиннің ертерек аяқталуы халыққа байланысты. Неғұрлым сақтық шараларын қатаң ұстансақ, соғұрлым ертерек жеңетін боламыз.

Әлемде бұл індетті жеңгендердің барлығы тек қана тәртіппен, тазалықпен ғана жеңгендерін айтуда. Сол үшін топ мүшелері халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді атқаруымыз керек.

Адам көп баратын жерлерді жиі дезинфекциялау, азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу, негізсіз өсіргендерге шара қолдану, тазалық жұмыстарын тек қоғамдық орындарда ғана емес, әрбір мекеме, әрбір отбасындада сақталуын түсіндіру, қысқасы әр адам өзінің тарапынан белсенді түрде үлес қосуы керек,- деді облыстық мәслихаттың хатшысы.

Жиынды аудан әкімі Нарбай Ергебеков қорытындылады.

Бағлан Қарашолақов «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің бойындағы Шақпақ ауылдық округі аумағында орналасқан санитарлық пунктке барып, ондағы жұмыс барысымен де танысты. Пункттегі жұмыс барысын аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрбай Ергебеков таныстырды.

Пунктте жұмыс қалыпты жүруде. Он бес медицина саласының қызметкері ауысыммен жұмыс істейді. Оның екеуі дәрігер, алтауы медбике, жетеуі кіші медицина қызметкері. Сонымен бірге төрт полиция қызметкері постта тұрады. Оның екеуі облыстық полиция батальонының қызметкері болса, екеуі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері. Смедицина қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушыларға анкета толтырып, дене температураларын тепловизормен тексерсе, полиция қызметкерлері шектеу шараларына сай емес көліктерді қайта қайтарып, қоғамдық тәртіпті бақылауда. Олар негізінен  транзиттік жүк көліктерін ғана жіберіп жатқандарын жеткізді. Дәл сол сәтте постта бірнеше КамАз көліктері тұрды. Олар Өзбекстаннан Ресейге қырыққабат алып бара жатқан көліктер екен. Сондықтан оларды тексеріп, өткізіп жатқандарын жеткізді.

 Бағлдан Жиенәліұлы санитарлық пункттің ішіне кіріп, ондағы жағдаймен де танысты.

Перизат Шымыртайқызы,

Жуалы ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.