A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы

188

5 сәуірде Жамбыл облысында 17 COVID-2019 дерегі анықталды. Күшейтілген санитарлық-эпидемиялық бақылау шараларының нәтижесінде ауырған адамдар дер кезінде анықталып, карантинге орналастырылды. Барлық жағдайлар сырттан келген және байланыста болған адамдар қатарынан анықталып отыр.

Атап айтқанда, төрт науқас Үндістаннан келген рейстің жолаушылары болып табылады. Олардың барлығы ұшу жолағынан тікелей арнайы автобустарға отырғызылып, медицина және полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруімен карантиндік стационарға жатқызылды. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша 1984, 1996, 1998, 2000 жылдары туған төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
Сондай-ақ, Қордай ауданында үш оқиға тіркелді. Карантиндік стационардағы 1975 және 1982 жылы туған екі тұрғын бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласынан келген науқаспен байланыста болған. Ал, 1999 жылы туған науқас 23 наурызда «Қостанай-Алматы» пойызы арқылы Қостанай қаласынан келген.

Шекара маңындағы өткізу пункттерінде күшейтілген шараларға байланысты Қазақстанға келетін барлық азаматтар, оның ішінде жүк автокөліктерінің жүргізушілері каратиндік стационарға орналастырылуда. Нәтижесінде 10 адамнан инфекция анықталған. Оның 4-і Қырғызстан азаматы, 6-ы Қазақстан азаматы.

Барлық науқастар инфекциялық стационарға орналастырылды. Байланыста болған адамдарды анықтау және оқшаулау, емделушілердің тұрғылықты жері мен болған жері бойынша дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, коронавирустық инфекция ауруының жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Қордай ауданының аумағында 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап ерекше талаптары бар шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтерге, тұрғындар тіршілігіне карантин режимін енгізу туралы шешім қабылданған болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.