A place where you need to follow for what happening in world cup

Бердібек Сапарбаев: Қант қызылшасының егіс алқабын қысқартуға жол берілмейді

183
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барып, көктемгі егіс жұмыстарының дайындық барысымен танысып, егін шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады.
Облыс әкімі алдымен аудандағы ірі шаруа қожалықтарының бірі «Аспан агро»-ға ат басын бұрды.
«Аспан агро» мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының алғашқы қатысушыларының бірі. Шаруашылық басшысы Саха Манатов мемлекеттік қолдау шаралары тиімділігін алға тартып, лизингке ауыл шаруашылығы техникасын және жыл сайын қызылша өсіру үшін субсидияға қол жеткізіп отырғанын айтты. Сондай-ақ, қызылшасын ешқайда өткізе алмай қалам ба деп алаңдайтынын жасырмады. Оған себеп қызылша өсірушілер мен Меркі қант зауыты арасындағы мәселенің әлі күнге толық шешілмегендігі болып отыр. Облыс әкімімен кездескен басқа да тәтті түбір өсірушілер осы түйткілді көтерді.
— Диқандарға қант қызылшасының егіс алқабын кемітуге болмайды. Меркі қант зауытына қатысты мәселе менің жеке бақылауымда. Зауыт басшылығымен арнайы кесте жасалды. Кесте бойынша олар өз берешектерін толық төлеуге тиіс. Сәуір айының соңына дейін бұл мәселе шешілуі керек, — деді Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы субсидия көлемінің ұлғайғаны туралы тілге тиек етті. Бұл жаңалық байзақтықтарға жігер сыйлап, шаруалар қызылша өсірудіә белсенді түрде жалғастыратындарына сендірді. Олар 250 шаруашылықты қамтитын облыстың қызылша өсірушілерінің қауымдастығы құрылатынын жеткізді.
Б. Сапарбаев жиналғандарға жаңа қант зауыты құрылысы бойынша түрлі нұсқаларды қарауды ұсынды.
Су мәселесі де шешілмек. Суармалы алқаптар көлемі ұлғаяды деп күтілуде. Алайда, ол үшін алдымен су арналарын ретке келтіру маңызды.
Бердібек Сапарбаев су арналарын, дренаждық жүйелер мен құрылыстарды қайта жаңғырту барысымен танысты.
Сапар барысында аймақ басшысы жоспардан тыс Түймекент ауылындағы орта мектепті аралап көрді. Б. Сапарбаев мектептің сыртқы жағдайына назар аударып, ғимараттың ішкі жағдайымен де жіті танысты. Сыныптардағы ескі парталар мен тақталар көзге бірден түседі. Нысанға сексенінші жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Аудан әкімі Нұржан Нұржігітов ЖСҚ-ның дайын екендігін, биылғы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтып сендіруге тырысты. Алайда облыс әкімі ондай жауапқа қанағаттанбайтынын білдіріп, қысқа мерзімде парталар мен тақталарды ретке келтіруді және мектепті барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.