A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстанның 6 қаласы карантинге жабылды

165

30 наурыз сағат 00:00-ден бастап Қазақстанның алты бірдей қаласы карантинге жабылды. Олар: Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Сарань және Абай.

Аталған қалалардың тұрғындары енді тек азық-түлік пен дәрі алуға немесе банк қызметін пайдалануға және жұмысқа бару үшін ғана үйден шыға алады. Қалған уақытта тұрғын үйді тастап шығуларына тыйым салынады. Ал, Қарағанды облысында 65 жастан асқан тұрғындарға мүлдем далаға шықпауға кеңес берілді.

Карантинге жабылған қалаларда 30 наурыздан бастап қоғамдық орындардың барлығы, мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ, балабақшалар да уақытша жұмысын тоқтатады. Мейрамханаларға ас-ауқатты тек үйге жеткізіп берумен айналысуға рұқсат берілген.

Айта кетейік, Қарағандыда коронавирус жұқтырған 7 адам тіркелді. Қалаға жақын орналасқан Сарань, Шахтинск, Абай, Теміртау қалалары тұрғындарының 20% облыс орталығына келіп жұмыс істегендіктен, ол елдімекендер де карантинге жабылып отыр.

Ал, Ақтауда 30 наурыздан бастап тұрғындар кешкі 19:00-ден таңғы 08:00-ге дейін қоғамдық орындарға бармайды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда да карантин енгізілді. 30 наурыздан 5 сәуірге дейін екі қаланың да барлық мекемесі мен ұйымы жұмысын тоқтатты.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 284 адам тіркелді. Олардың 20-сы ауруынан жазылса, біреуі қайтыс болған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.