A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазасын өтеушілер де жеке кәсіпкер бола алады

222

Еңбек – адам баласын тәрбиелеудің, ізгілік пен парасаттылыққа баулудың негізгі құралы. Сол себепті түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерді еңбекке тарту арқылы санасын оң арнаға бұрып, қайта тәрбиелеу, қоғамға бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Бірер жылдың көлемінде тәрбие құралдарының қатарына сотталғандарға жеке кәсіппен айналысуға мүмкіндік беру жолдары да қосылды.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеушілерге түзеу мекемесінің аумағында кәсіп ашудың жолдарын түсіндіруге бағытталған ауқымды жиын өтті. Басқосуды мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Бақытжан Қасымбеков ашып, жүргізіп отырды.

Кездесуге арнайы келген қонақтар – Жамбыл облысы прокуратурасы 2-ші басқармасының аға маманы Бауыржан Бектенұлы мен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының маманы Аймен Тайтелиева сотталғандарға жеке кәсіпкерлік ашудың талаптары мен кәсіпкерлік ашып, ақылы жұмыспен қамту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Жеке кәсіпкерлерге, соның ішінде жазасын өтеушілерге де бізде бос тұрған ғимараттардың барлығы тегін беріледі. Қарастырылып отырған шарттардың бірі бойынша жеке кәсіпкер жалдау ақысын төлемейді. Тек су, жарық секілді коммуналдық ресурстарға ғана ақша төлейді. Мемлекеттік мүлік есебінде пайдаланып, жұмысын жүргізе береді. Шикізатын өңдейді, барлық технологиялық процестерін жүзеге асырады да, дайын өнімін осы жерден саудаға шығарады. Оларға қойылатын талап – жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтуы тиіс.

Ал біздің жазасын өтеушілер өздерінің еңбегімен тапқан ақшаға мекеме аумағында орналасқан дүкеннен қажет заттарын, тауарларын ала алады. Бәрінен бұрын олар қылмыс жасаған кезінде келтірген материалдық-қаржылық шығындары бар болса, сол мойынындағы талап қарыздарын сот үкімімен белгіленген тәртіпте өтеуі тиіс. Ал талап қарызын өтегеннен кейін олардың мерзімінен бұрын шартты босатуға, жазасын жеңілдетуге және заңмен көзделген тағы да басқа жеңілдіктерге қол жеткізуге құқығы болады.

Сондай-ақ, олар бірге жазасын өтеп жатқан сотталғандар санатынан жұмысқа адам алады. Оларды Еңбек заңнамасына сәйкес рәсімдеп, еңбекақы төлейді, – дейді кездесуге келген жауапты мамандар.

Түзеу мекемелерінде «Еңбек Тараз» РМК филиалының өзіндік өңдірістері жұмыс істейді, онда 60 сотталған жұмысқа орналастырылған. Онда жазасын өтеушілер темір, ағаш өңдеу, құрлыс-монтаждық жұмыстар, тігін цехы мен азық өндірісімен,  өсімдік және мал шаруашылығында еңбек етеді.

– Қазіргі уақытта «Еңбек Тараз» филиалымен және де Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД арасындағы меморандумға сәйкес жұмыс істейтін сотталғандар санын көбейту бойынша жұмыс атқарылуда.

Бірлесе жұмыс атқарудың нәтижесінде жеке кәсіпкерлердің бос бостандығынан айыру орындары бойынша көз қарастары өзгерді.

Бүгінгі күнге, жабық түзеу мекемелерінде жаңа жұмыс орындарын ашумен жұмыс істейтін сотталғандардың саны көбеюде.

Бұдан басқа, бізбен Білім беру департаменті және №15 профессиональды колледжі басшылығымен өндіріс аумағында қажет ететін сотталғандар арасында тәжірбиелі мамандар дайындап шығару және қамтамасыз ету бойынша біріге жұмыстар жүргізілуде. 2019-2020 жылдары төрт мамандық бойынша 100 маман білім алуда, – дейді ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері.

Динара Мұсаева,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесі

сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының

аға инспекторы, әділет майоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.