A place where you need to follow for what happening in world cup

Коронавирустық инфекция жұқтырған жамбылдықтардың жағдайы қанағаттандырарлық

199

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты баспасөз конференциясы өтті. Жиында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов баяндама жасады. Өз сөзінде облыстың бас дәрігері аймақта тіркелген 3 жағдай жайында мәлімдеді.

– Облыста коронавирустық инфекция жұқтырған азаматтар 29, 46 және 24 жаста.

Коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы Шу ауданында тіркелген, қалған 2 жағдай Қордай ауданында. Барлық 3 жағдай Қырғызстаннан әкелінген.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 Қаулысына сәйкес дер кезінде жұқтырғандардың барлығы бір тәулікке карантиндік стационарға зертханалық зерттеу жүргізумен оқшауланған.

Оң зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жұқтырғандардың барлығы инфекциялық стационарға стационарлық емдеуге тасымалданды.

Жұқтырғандардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, барлық байланыста болған адамдар анықталды. Байланыста болған адамдарды оқшаулау және зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мекен-жайы және орналасқан жері бойынша ошақтарда дезинфекциялық өңдеу жүргізілді, – деді М. Жұманқұлов.

Сондай-ақ, ол коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында қол гигиенасын сақтаудың маңыздылығын ескертті. Егер қолыңызды сабынмен жууға мүмкіндік болмаса, құрамында спирті бар немесе дезинфекциялаушы майлықтарды қолдану қажеттігін жеткізді.

– Үстелдердің, есік тұтқаларының, орындықтардың, гаджеттердің және сол секілді жиі қолданылатын заттарды үнемі дезинфекциялау қажет. Қолмен көзді, мұрынды немесе ауызды ұстаудан аулақ болыңыз. Тұмау вирусы және коронавирус осы жолдармен таралады. Маска киіңіз.  Жөтел, түшкіргенде ауыз бен мұрынды бір рет қолданылатын майлықтармен жабу керек, оны қолданғаннан кейін тастау керек. Артық сапардан және адам көп жерлерге барудан аулақ болу, ауру қаупін азайтуға болады, – деді өз сөзінде Марат Сейітбекұлы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.