A place where you need to follow for what happening in world cup

Жалған ақпарат жариялаған азаматтар жауапқа тартылады

244

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттарды жариялаудың алдын алу шаралары» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясы өтті.

Жиында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов баяндама жасады.

— Коронавирус пандемиясына байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде тұрғындарды шынайы және жедел ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Алайда, бірқатар облыс тұрғындары ақпараттың шынайылығына көз жеткізбей, расталмаған, яғни фейк постарды жариялаған.
Ол азаматтар бірден анықталып, ескерту жасалды. Олар жасаған әрекеттерін мойындап, бейнежолдау жариялады.
Сонымен қатар:
— Инстаграмда Москвадан ұшақ ұшып келгені туралы жарияланған;
— Ватсапта Талас ауданының тұрғыны «Коронавирус Қаратауға келді» деп таратқан;
— Вацапта Сарысу ауданының тұрғыны «Коронавирус туралы жалған ақпарат» таратқан;
— Фейсбукта желі қолданушысы «Лугововйда бір адамнан коронавирус табылды» деген пост жарияланған;
— Фейсбукта «Тараздағы науқас АҚШ-тан келген екен. Т.Рысқұлов ауданында науқас анықталып, Таразға жіберілген» деп, жариялаған. Осы орайда,  бізде барлық әлеуметтік желілер мен сайттарда, месенджерлерде жалған ақпараттарды анықтайтын «антифейк» бағдарламасы бар екенін хабарлаймын, — деді басқарма басшысы.

Өз сөзінде жалған ақпаратты бірден анықтап, шынайылығын тексеретінін айтқан Дауыл Ынтықбайұлы құқық қорғау органдары тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізетінін жариялады.
Оның айтуынша,  бүгінге дейін аталған азаматтарға тек ескерту жұмыстары жүргізілген. Ендігі кезекте, бірден әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

— Фейсбук, Инстаграмнан, Ватсап пен телеграм арқылы келген расталмаған ақпараттар мен күмәнді мәліметтерді жарияламауға, таратпауға шақырамыз.
Тек ресми дерек көздері арқылы жарияланған жаңалықтар расталған.
Сонымен қатар, Ақпараттар күнделікті Ақпарат және қоғамдық даму Министрі Даурен Абаев Хабар 24 арнасынан күнделікті ахуал бойынша брифингке шығады.
Сіздерді, бұндай еліміздегі қиын жағдайда, карантин режимін сақтап, дүрбелеңге салынбауға шақырамын. Біз осы сынақтан тек бірге сүрінбей өтеміз, — деді Д. Бейсенқұлов өз сөзінде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.