Мойынқұм ауданында коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында арнайы бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Бүгінгі таңға ауданның ахуалы тұрақты. Төтенше жағдай кезеңдегі ахуалды бақылау және инфекцияның таралуына жол бермеу бағытында 4 мобильдік топ құрылған. Жұмыс барысында топ мүшелері ауданда 371 нысанды (тамақтану орындары, білім мекемелері, мешіт, денсаулық сақтау мекемелері, спорт нысаны, дүкендер, қонақ үйлер, өндіріс және басқа да мемлекеттік мекемелер, қоғамдық орындарды) аралап, ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізді. Індетті алдын алу және болдырмау мақсатында санитарлық блок пост Бірлік ауылдық округінде орнатылды. Облыстық маңыздағы жол Қарағанды, Нұр-Сұлтан тас жолына қойылды.
Блок постта аудандық полиция бөлімінен-2, облыстық полиция батальоннан-2, СЭС-3, аудандық орталық аурухана қызметкері-2, ауыл әкімшілігінен-1 адамдардан кезекшілік құрылған және қажетті құралдармен, ақпарат парақшаларымен қамтылып жұмыстар атқаруда. 19-22 наурыз күндері (пост ашылғалы), 858 көлік, 4008 адамға анкета толтырылған. Ауданда көп шоғырланатын және жүретін (алея, ХКҚО, спорт нысаны, дүкендер жаяу жүргіншілер жолдары және т.б.) аумақтар дезинфекцияланды. 20 наурыз күні аудан әкімдігі тарапынан тұрғындар көп келетін мекемелерге (ХҚКО, аудандық полиция бөліміне, жұмыспен қамту) дезинфекциялауға арналған заттар берілді. Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер «бетперде тағу» режимінде жұмыс істеуде. Аудан аумағында өндіріс ошақтары алаңдарында санитарлық талаптар толық сақталған.Аудандағы барлық дүкендерде азық түлік жеткілікті, Бүгінгі таңға дейін, аудан аумағында «COVID-19» инфекциясы жұқтырғандар тіркелмеген. Қалыпты жағдай сақталуда.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық