A place where you need to follow for what happening in world cup

Мал басы артып, өнімі өсуде

222

 

Ауыл шаруашылы – халықтың негізгі табыс көзі, Әулиеата өңірінің асыраушы саласы. Оны дамыту арқылы аймақ экономикасын көтеріп, тұрғындар тұрмысының тіктелуіне жол аша аламыз. Мұны таластықтар жете түсінеді. Сондықтан, аталмыш саладағы жұмыс қарқынын жыл санап арттырып келеді.

Бұған дәлел – биыл ауданда 6 млрд. 608 млн. 900 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Немесе өткен жылдағы көрсеткіштен 498 млн. 200 мың теңгеге артып отыр.

–2018 жылдың 8 айымен салыстырғанда мал басының да артқаны байқалып отыр. Мәселен, биыл мүйізді ірі қара малы 27 769 басты құрап, 3,7 пайызға, қой-ешкі  395 650 басты құрап, 3,2 пайызға, жылқы 10 989 басты құрап, 4,1 пайызға, түйе 2 458 басты құрап 9,9 пайызға, үй құстары 34 633 басты құрап 8,3 пайызға өсті.

Тиісінше, олардан алынатын өнім көлемі де артып отыр. Атап айтқанда, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда ет 8 мың 138,4 тонна құрап, 2,9 пайызға, сүт 6 мың 360 тонна құрап, 2,7 пайызға, жұмыртқа 1 млн. 949 мың дана өндіріліп, 0,4 пайызға, жүн 289,7 тонна құрап, 1,9 пайызға артық орындалған, – дейді аудан әкімі Д. Алиев.

– Сол сияқты, «Ақбас» және «Ынтымақ» шаруа қожалықтары 500 бастық және 1000 бастық мал бордақылау аландар салуда. 2020 жылдан бастап малды бордақылау жоспарлануда.

2019 жылдың 8 айында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Қызыләуіт ауылдық округіндегі «Ынтымақ» «Кәусар» шаруа қожалықтары шетелден 114 бас етті-сүтті бағытындағы «Cимменталь» тұқымды мүйізді ірі қараның аналық басын әкелді. Сонымен қатар, «Қазына» және «Найза-Қызыл» шаруа қожалықтары шет елден 100 бас етті-сүтті бағытындағы  ірі қара малын әкелу жоспарлануда.

Қаратау қаласында тәулігіне 2 тонна сүт өнімдерін өндіретін цехты ашу мақсатында жеке кәсіпкер «Сержанов» тарапынан жұмыстар жасалуда. Жобаның құны 28 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда несие алу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қызыләуіт ауылындағы «Кәусар» шаруа қожалығы өз қаржысына 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салып жатыр. Бостандық ауылындағы «Тәжібай» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі биылғы жылы «Ауыл шаруашылығы қолдау қоры» АҚ  арқылы несиеге сүт жинайтын танкер және сүт таситын автомашина алып, сүт өнімдерін қайта өңдеу бағытында жұмыстарын жоспарлауда, – дейді Досмаханбет Қасымұлы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.