Әлемде қалыптасқан соңғы жағдай Қазақстанға да ықпал етіп отыр. Елімізде төтенше жағдай жарияланды. Пандемиямен күресте қолға алынуы керек шаралар жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндеу жасап, бірқатар шектеулер жасалатындығына назар аударды. Бұл орайда жеке кәсіп иелеріне өз қызметін жүргізуде басымдық беретін мәселелер жетерлік. Атап айтқанда төтенше жағдай кезінде қызмет көрсету уақытын шектеу, санитарлық талаптарды мұқият сақтау қажет. Бұл шараларды біз халықтың саулығы үшін жасалған қадам ретінде қолдаймыз. Осындай сәтте тұтынушылардың толассыз легі мен табыстан айырылған кәсіп иелеріне мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасалуы қуантады. Бұл біздің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әрекет етіп, елдігімз сыналар сәт. Сондықтан барша әріптестерімді ел билігі қойған талаптың үдесінен шығуға шақырамын. Табыстан бұрын әлеуметтік жауапкершілік жүгінің салмақтырақ боларын ұмытпайық.
Сәкен Асатов,
жеке кәсіпкер