A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан әкімі тұрғындармен кездесті

203

Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов Қаратау қаласындағы темір жолдың арғы жағы бетінде орналасқан жеке сектор тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда көше жарықтары орнатуды және бұзылған ғимарат үйінділерін тазартуды өтініш білдірді.
Аудан басшысы Б.Қазанбасов тұрғындарды мұқият тыңдады. Көтерілген мәселелерді тиісті мекеме басшыларына атқарылуы бойынша тапсырмалар бере отырып, өз бақылауына алды.
Темір жолдың арғы бетінде орналасқан көшелерге жарық орнату жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бүгінгі күнге жарық орнату жұмыстары Ғ.Муратбаев көшесінде толығымен аяқталды. Аталған көшені жарықтандыру үшін 400 метр СИП кабель және 7 дана электршамдар қала әкімдігінің тарапынан қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, аумақ тұрғындарының сұранысына сәйкес, А.Иманов көшесінің көше жарығын «ҚаратауПРО» ЖШС-не тиесілі мәрмәр ұнтағын өндіру зауыты ғимаратына дейін созу жұмыстары жүргізілмек.
Одан бөлек, қаладағы мемлекеттік кәсіпорындар мен «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешеніне тиесілі арнайы техникалардың көмегімен темір жолдың арғы бетінде орналасқан бұрыңғы ет комбинатының аумағындағы бұзылған нысандардан қалған үйінділер мен ашық сайлардың орнын тегістеу және тазарту жұмыстарын жүргізу бастады. Бүгінгі күнге 3 гектардан астам аумақ бұзылған ғимарат үйінділерінен тазартылып, тегістелді. Аталған жерден шыққан үйінділер арнайы техникаларға артылып, тиісті орынға шығарылды. Алайда, қираған ғимараттар орналасқан жер учаскесінің ауқымды болуына байланысты тазарту жұмыстарын толығымен аяқтау жұмыстары әлі де жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.