Білім мен денсаулық сақтау: «Әділет» кандидаттары өңірлік бағдарламаның әлеуметтік басымдықтарын таныстырды
Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, заманауи оқу мүмкіндіктерін кеңейту және ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету – «Әділет» партиясының Жамбыл облысына арналған 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы маңызды бағыттар. Осы міндеттер партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар Нұрлан Сұлтанов, Гүлбаршын Құланбаева және Нұрлан Сапарбековтің «Asa Elite» мектебінің ұжымымен және Қаракемер ауылының медициналық пункті қызметкерлерімен кездесулерінде талқыланды.
Білім беру саласының өкілдерімен жүздесуде мектеп инфрақұрылымын дамыту, білім сапасын арттыру және оқушылардың заманауи технологияларды меңгеруіне жағдай жасау мәселелері қозғалды.
Өңірлік бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін облыста 8 жаңа мектеп салу, тағы бір білім беру ұйымына қосымша ғимарат тұрғызу жоспарланған. Жаңа мектептер 4 370 оқушыға арналған. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда 8,4 мың орын ашу және 138 STEM-кабинетін жабдықтау көзделген. Бұл бастамалар білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, балалардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Қаракемер ауылының медициналық пункті қызметкерлерімен кездесуде ауылдық жерлердегі медициналық көмектің қолжетімділігі, медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және медицина мамандарын әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.
Бағдарламада денсаулық сақтау саласы бойынша 6 жаңа медициналық нысан салу, 2 мекемеге қосымша ғимарат тұрғызу, 5 корпусты қайта жаңғырту және 17 нысанды жөндеу міндеттері белгіленген. Сондай-ақ Тараз қаласы мен Қордай ауданында 2 инвазивті емес диагностика орталығын ашу жоспарланып отыр.
Кандидаттар ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамаларға да тоқталды. Атап айтқанда, 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын жылжымалы медициналық кешендермен қамту, 215 медицина қызметкеріне біржолғы әлеуметтік қолдау көрсету көзделген. Бұдан бөлек, резидентурада білім алуға 1,5 млрд теңге көлемінде нысаналы грант бөлу жоспарланған. Бұл шаралар медициналық қызмет сапасын жақсартумен қатар, салаға білікті мамандар тартуға бағытталған.
Кездесулер барысында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді. Кандидаттар қойылған сауалдарға жауап беріп, тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.
Жалпы, өңірлік бағдарламаның әлеуметтік бағыттары білім беру сапасын арттыруды, медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуді, инфрақұрылымды жаңғыртуды және адами капиталды дамытуды көздейді. Бұл міндеттер облыс тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
29 қарашада өтетін Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында «Әділет» партиясына дауыс беріңіз!
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.