«Әділет» партиясы өңірдегі өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту бағыттарын таныстырды — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Әділет» партиясы өңірдегі өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту бағыттарын таныстырды

13

Жамбыл облысында «Әділет» партиясының 2026-2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» атты өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстыру жұмыстары жалғасуда. Кезекті кездесу Тараз қаласындағы «Тігін фабрикасы» акционерлік қоғамының еңбек ұжымымен өтті.

Жүздесуге Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар Жүнісова Фарида Амансарықызы мен Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы қатысып, өңір экономикасын дамытуға, отандық өндірісті қолдауға және кәсіпкерлік әлеуетті арттыруға бағытталған бастамаларды таныстырды.

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті қолдау, өндіріс орындарының әлеуетін күшейту, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және тұрақты жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.

«Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасында «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында 2031 жылға дейін 514 жобаны қаржыландыруға ықпал ету көзделген. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 27,2 пайызға, орта бизнестің үлесін 5,6 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

Бұл бастамалар өңірдегі кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, өндіріс орындарының дамуына серпін беруге, ішкі нарықты нығайтуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге бағытталған. Сондай-ақ 116 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.

Кездесу барысында кандидат Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы кәсіпкерлікті қолдау мен еңбек адамының мәртебесін көтерудің маңызына тоқталды.

«Өңір экономикасының тұрақты дамуы үшін өндіріс орындарының әлеуетін арттырып, шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Сайлауалды бағдарламамыздағы «Іскер аймақ» бастамасы кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға, өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Сонымен бірге адал еңбек етіп жүрген әр азаматтың еңбегі лайықты бағаланып, құқықтары қорғалуы тиіс. Бұл – әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі қағидаттарының бірі», – деді кандидат.

Жүздесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, фабрика қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Партия өкілдері еңбек ұжымын өңірлік бағдарламаның басымдықтарымен таныстырып, көтерілген мәселелерді назарға алды.

«Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы өндірісті дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Д. А. Қаипов.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.