«Әділет» партиясы медициналық білім мен денсаулық сақтау саласын дамыту жоспарын таныстырды — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Әділет» партиясы медициналық білім мен денсаулық сақтау саласын дамыту жоспарын таныстырды

7

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ұжымымен кездесуде «Әділет» партиясының кандидаттары сайлауалды бағдарламаның медицина саласына қатысты басымдықтарын таныстырып, мамандар даярлау мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

Жамбыл облысында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Кезекті кездесу Жамбыл жоғары медициналық колледжінде өтті. Жиынға партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидат Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы мен штаб мүшесі Қалиев Сауран Қалиұлы қатысты.

Кездесу барысында партия өкілдері «Әділетті болашақ үшін» атты 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаны таныстырып, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға бағытталған міндеттерге тоқталды. Әсіресе, медициналық мамандарды даярлау сапасы, олардың кәсіби әлеуетін арттыру және еңбек жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Бағдарламада 2031 жылға қарай ескірген ғимараттардың орнына екі жаңа медициналық ғимарат салу, тағы бір нысанды жаңғырту көзделген. Сонымен қатар Тараз қаласы мен Қордай ауданында инвазивті емес диагностиканың екі орталығын ашу, ауыл тұрғындарының кемінде 80 пайызын жылжымалы медициналық кешендердің қызметімен қамту және 215 медицина маманына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған.

«Денсаулық сақтау саласын дамыту үшін медициналық инфрақұрылымды жаңартумен қатар, білікті мамандарды қолдау маңызды. Сайлауалды бағдарламамызда диагностикалық орталықтар ашу, ауыл тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру және медицина мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету міндеттері қарастырылған», – деді кандидат Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы.

Жүздесу барысында медициналық инфрақұрылымның тозуы мен дәрігер тапшылығы мәселелері де көтерілді. Колледж ұжымы орта буын медицина мамандарын даярлаудың маңызын атап өтіп, саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыстың қажеттігін жеткізді.

Кездесуде медициналық білім беру жүйесін жетілдіру, заманауи оқыту тәсілдерін енгізу және болашақ мамандардың тәжірибелік дағдыларын дамыту жайы да сөз болды. Партия өкілдері колледж ұжымының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сайлауалды бағдарламада белгіленген міндеттерді түсіндірді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.