«Әділет» партиясы еңбек адамын және отандық өндірісті қолдауды көздейді — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Әділет» партиясы еңбек адамын және отандық өндірісті қолдауды көздейді

15

Жамбыл облысында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарынды басталды. Науқанның алғашқы күнінде партиялық тізімдегі кандидаттар 25 кездесу өткізіп, 1 900-ге жуық өңір тұрғынын қамтыды. Кездесулерде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындарды толғандырған мәселелер талқыланды.
Сайлауалды науқан аясында партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар Сұлтанов Нұрлан Темірбекұлы мен Оршыбеков Айбек Әбубекұлы Байзақ ауданындағы «Әулие-Ата Феникс» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесуде кандидаттар партияның өңірді дамытуға қатысты басымдықтарын түсіндіріп, өндіріс саласының өзекті мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, отандық өндірісті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту және жергілікті кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру мәселелеріне назар аударылды.
«Әділетті болашақ үшін» атты 2026–2031 жылдарға арналған Жамбыл облысының сайлауалды бағдарламасында өңір экономикасын дамыту, ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыру және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту басым бағыт ретінде белгіленген. Бағдарламада жыл сайын 35,8 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, инвестициялық жобалар арқылы 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру, сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасы аясында 5,2 мың жеңілдетілген микрокредит беру көзделген. Бұған қоса, «Іскер аймақ» бағдарламасы арқылы кемінде 500 кәсіпкерлік жобаны қолдау жоспарланған.
Кездесу барысында кандидат Сұлтанов Нұрлан Темірбекұлы өңір экономикасын дамытуда өндіріс орындары мен еңбек адамдарының рөліне тоқталды.
«Әділет» партиясы үшін еңбек адамының мүддесін қорғау, тұрақты жұмыс орындарын ашуға ықпал ету және отандық өндірісті дамыту – өңірдің өркендеуіне негіз болатын маңызды бағыттар. Біз ауылдық жерлердегі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдап, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуды көздейміз. Өйткені халықтың әл-ауқатын арттыру нақты істерден, еңбекке және кәсіпке қолайлы жағдай қалыптастырудан басталады.», – деді кандидат Нұрлан Сұлтанов.
Өз кезегінде кандидат Оршыбеков Айбек Әбубекұлы ауылдық аумақтарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша өңірлік сайлауалды бағдарламадағы басым бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау мен ауыл жастарының кәсіби дамуына жағдай жасау мәселелері қозғалды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, еңбек ұжымының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Кандидаттар өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауыл кәсіпкерлігін қолдау мәселелері партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы нақты міндеттермен сабақтас екенін жеткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.