Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №58 мекемесінде сенбілік өткізілді — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №58 мекемесінде сенбілік өткізілді

33

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №58 мекемесінде мекеменің аумағын абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараға мекеменің аттестатталған және еркін жалдамалы қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Сенбілік барысында әкімшілік ғимараттың аумағы тазартылып, жиналған қоқыстар шығарылды, жасыл желектердің айналасы ретке келтіріліп, аумақты көркейту жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, еңбек тәртібін нығайту, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және мекеме аумағының санитарлық жағдайын жақсарту.

Осындай игі шаралар ұжымдық бірлікті нығайтып, қызметкерлердің ортақ іске деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. №58 мекеме ұжымы алдағы уақытта да тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.