Оқушылармен «Достық мекені» тақырыбында кездесу өтті — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Оқушылармен «Достық мекені» тақырыбында кездесу өтті

12

Жамбыл облысында этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта №34 орта мектепте 9-10 сыныптың 50 оқушысының қатысуымен «Достық мекені» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ сарапшылары Замана Исмаилова мен Рианна Жалпанова, мектеп директоры Салтанат Ботамкулова, директордың орынбасарлары Лаура Қолдасова мен Зарина Умбетбаева қатысты.

Іс-шара барысында жастар арасында достық, өзара сыйластық және толеранттылық құндылықтарын қалыптастыру, түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарау мәселелері қозғалды.

«Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Замана Исмаилова этносаралық татулықты сақтаудың маңызына тоқталып, этносаралық араздықтың алдын алу, арандатушылық сипаттағы ақпараттарға жол бермеу және ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшылармен пікір алмасты.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, мұндай кездесулер оқушылардың қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтарын түсінуіне, түрлі мәдениеттерге құрметпен қарауына және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар бейбітшілік пен келісімнің қоғам тұрақтылығы үшін маңыздылығын атап өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.