A place where you need to follow for what happening in world cup

Нысандардың коронавирусқа қарсы дайындығына мониторинг жүргізді

200

Жамбыл облысы әкімнің тапсырмасымен құрылған мобильдік топтың іс-қимыл алгоритміне сай облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаев бастаған аталған топ мүшелері өңірдегі бірқатар нысандардың коронавирусқа қарсы дайындығына мониторинг жүргізді.

​Мобильдік топтың мүшелері жаппай халық келетін орындар әуежай мен теміржол бекеттеріне, Халыққа қызмет көрсету орталығы мен ірі сауда орындарына арнайы барды. Олар мемлекеттік бас санитарлық дәрігер қаулысына сай көпшілік іс-шаралардың өткізілмеуін қадағалау, қоғамдық көліктер мен аялдамалардың, халық көп шоғырланатын жерлердің дезинфекциялануы, қол жуатын сусабын және т.б. жеке гигиеналық заттардың болуы, қоғамдық жерлерде ақпараттық анықтамалық материалдардың орналасуы секілді мәселелерді зерделеді. Анықталған кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде реттеп, сақтық шараларын жүргізуді тапсырылды.

​Айталық, аралау барысында халық көп шоғырланатын «Март» сауда кешеніндегі кинотеатр, коньки алаңы мен балалар ойын алаңының жұмысы уақытша тоқтатылды. Ал әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған «Астана парк» кинотеатрының әкімшілігіне жұмысын тоқтату туралы ескерту берілді. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандары, атап айтқанда тойханалар мен мейрамханаларға түрлі жиындар мен басқосуларды өткізбеу ескертілді. Жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелер де қоғамдық көліктерді жиі дезинфекциялық тазалау жұмыстарын бастады.

​Бүгінгі таңда Тараз қаласында 10 мекеме 670 бірлік автобуспен жолаушылар тасымалдаумен айналысады десек, оларға 2000 дана жаднамалар таратылып, жұмыскерлер арасында түсіндірме жүргізілді. Автосалондарға бюллетеньдер ілінді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.