Жаңа конституция – ел болашағына бағдар — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Жаңа конституция – ел болашағына бағдар

12

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі еліміздің қоғамдық-саяси және құқықтық дамуында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Ата Заң – мемлекеттің негізгі құқықтық тірегі ғана емес, қоғамның даму бағытын айқындайтын маңызды құжат.

Жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, заң үстемдігін нығайту, қоғамдық тұрақтылық пен бірлікті сақтау мәселелеріне ерекше мән берілген. Сонымен қатар білім мен ғылымды дамыту, жастардың әлеуетін арттыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағыттары да ел дамуының маңызды басымдықтарымен сабақтас.

Бұл міндеттерді жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың атқаратын рөлі ерекше. Себебі мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі ең алдымен халықтың күнделікті өмірінен көрінеді. Аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау – жергілікті деңгейдегі негізгі міндеттердің қатарында.

Сонымен бірге қоғамның әрбір мүшесінің ел дамуына қосатын үлесі маңызды. Азаматтардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуы, заңды құрметтеуі, өз құқықтары мен міндеттерін білуі және ел болашағына жауапкершілікпен қарауы – тұрақты қоғам қалыптастырудың негізгі шарттары.

Әсіресе өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, еңбекқорлық, заңға құрмет және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын сіңіру – бүгінгі күннің маңызды міндеті. Себебі елдің ертеңі – білімді, құқықтық сауатты және жауапкершілігі жоғары азаматтарға байланысты.

Жаңа Конституция мемлекет пен қоғамның өзара сенімі мен жауапкершілігін нығайтуға бағытталған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы орайда Ата Заңда белгіленген қағидаттарды нақты іспен ұштастырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға және өңірдің тұрақты дамуына үлес қосу – баршамызға ортақ міндет.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.