A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысулықтар 4 375 тал отырғызды

187

«Бір тал кессең, он тал ек» — деген қанатты сөзді жебе етіп, өзіміз игілігін көрмесек те, келер ұрпағымыз көрсін деп, ертеңің үшін еңбектеніп сауапты іс жасасақ, артымызға өшпес із, мол мұра қалдырған болар едік.

Сол өсірген ағашыңның саясында балаларың демалып отырса, жемістерін жесе, бір құс ұя салып балапандап жатса, ол сенің табиғаттағы бар тіршілік иесіне жасаған сыйың. Себебі, ауа бәрімізге ортақ.

Сондықтан шамамыз жеткенше ағаш егейік. Сонда ғана қоршаған ортамыз шаң, көңіліміз алаң болмас еді деген ұстанымды ұстанған Сарысулықтар аудан басшысының тікелей қолдауымен, бүгін таңсәріден тазалық жұмыстарын жасап, тал- дарақ екті.

Аудан бойынша 685-тен аса адам жұмылдырылып, 25 аумақта барлығы

4 гектар жерге, 4375-тен аса тал отырғызды.

Барша жұртты

жұ­мылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жараты­лысқа деген ықыласын оятып, адам бала­сының табиғатпен үйлесімді түрде дамиты­нын ұғындыру парыз.

Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады.

Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді тигізу үшін сенбіліктер өткізіп, ауламыздың, қаламыздың, ауылымыздың аумағын тазартып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын әрлендіре түсуіміз керек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.