Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов коронавирус індетінің алдын алу, сақтық шараларын ұйымдастыру мақсатында аудандық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Мұрат Саулебаевты шақыртып, «Сауда сервис» орталығындағы санитарлық жұмыстарды көріп шықты. Сауда орталығын аралау барысында «Сауда Сервис» ЖШС директоры А.Қойшыбековке қауіпсіздік шараларын қолға алып, санитарлық-дезинфекциялық режим енгізуді тапсырды. Атап айтқанда коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында сауда орындарында күніне 2-3 мәрте хлорлы дезинфекциялық заттармен өңдеу жүргізуді ескертті. Бұл талаптар аудандық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасының ықпалымен жүргізілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, азық-түлік бағасының тұрақтылығына назар бөлді. Арагідік саудагерлердің өзімен тілдесіп шықты. Жағдай тұрақталғанша базар іші бақылауда болады.
Өңірдегі медициналық ұйымдар дайындық режимінде жұмыс істеуде. Дәрі-дәрімектің қажетті қорымен және қорғаныш құралдарымен қамтылған. Коронавирусты инфекциясына дайындық ретінде аудандық ауруханада 30 инфекциалық төсек, оның ішінде 20-ересектерге, 10-балаларға арналған, және қосымша 20 төсек, оның ішінде ересектерге – 10 төсек, балаларға – 10 төсек қарастырылған. Ал қалалық ауруханада қосымша – 20 төсек, оның ішінде ересектерге 10-төсек, балаларға 10- төсек қарастырылған.
323 қорғаныш костюмдері, 500 дана респиратор бар.
Қазіргі уақытта аудан аумағында коронавируспен ауру фактілері тіркелген жоқ.
Жағдай аудан әкімінің жіті бақылауында.