«Шекарасыз оқу» жобасы аясында тәрбиелік жұмыстар жүргізілді

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында тәрбиелік жұмыстар жүргізілді
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №67 мекемесінде «Шекарасыз оқу» («Чтение без границ») жобасы аясында 2026 жылғы 1 шілде – 25 қыркүйек аралығында тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
Жоба барысында сотталғандар көркем, классикалық және танымдық әдебиеттерді оқып, шығармалардың мазмұны мен тәрбиелік мәнін талқылады. Іс-шараларға барлығы 16 сотталған қатысты.
III тоқсан қорытындысы бойынша жобаға белсенді қатысқан 2 сотталғанға алғыс жариялау туралы марапаттау қағаздары табысталды.
Жоба сотталғандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
