Жазасын өтеушілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы зерделенді — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазасын өтеушілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы зерделенді

50

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №67 мекемесінде сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мекеме аумағын аралау жүргізілді.
Аталған іс-шараға Жамбыл облысы бойынша 5-басқарманың прокуроры Д. Краубеков және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі С.С. Джаналиев қатысты.
Аралау барысында мекеме әкімшілігімен бірлесіп режимдік корпус, сондай-ақ шаруашылық жасағы орналасқан аумақтар қамтылып, сотталғандардың тұрмыс-тіршілігі, санитариялық-тұрмыстық жағдайы, ішкі тәртіп талаптарының сақталуы зерделенді.
Сонымен қатар, прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі сотталғандармен жеке қабылдау жүргізіп, олардың өтініштері, шағымдары, ұсыныстары және жеке сипаттағы мәселелері тыңдалды. Көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірулер берілді.
Іс-шара барысында сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, олардың тұрмыс жағдайына және туындаған мәселелерді заң талаптарына сәйкес жедел шешуге ерекше назар аударылды.
№67 мекемесі әкімшілігі тарапынан сотталғандармен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және жеке мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғастырылуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.