Таразда көпір құрылысына байланысты ХҚКО жұмысы тоқтатылады - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда көпір құрылысына байланысты ХҚКО жұмысы тоқтатылады

14

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы 12 маусымнан бастап Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232 мекенжайында орналасқан Жібек жолы ауданының №2 халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.
Бөлім жұмысының уақытша тоқтатылуы Абай даңғылы бойындағы теміржол желісінің үстінен автомобильдер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпір мен жолайрық салу кезеңінде азаматтар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Аталған ХҚКО қызметкерлері уақытша басқа халыққа қызмет көрсету орталықтарына бөлінеді.
Осы бөлімде бұрын қабылданған өтініштер бойынша дайын құжаттарды беру Ұлы дала шағын ауданы, 137 мекенжайында орналасқан Әулиеата ауданының №1 ХҚКО-сында жүзеге асырылады.
Айта кетейік, қаладағы қалған үш халыққа қызмет көрсету орталығы штаттық режимде жұмысын жалғастырады:
• Әулиеата ауданының №1 ХҚКО-сы – Төле би көшесі, 89Г;
• Әулиеата ауданының №2 ХҚКО-сы – Ұлы дала шағын ауданы, 137;
• Жібек жолы ауданының №1 ХҚКО-сы – Алатау шағын ауданы, 16А.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.