Жазғы спартакиада аясында үстел теннисінен жарыс өтті - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазғы спартакиада аясында үстел теннисінен жарыс өтті

24

2026 жылғы 5 маусым күні №67 мекемесінде жазғы спартакиада жоспарына сәйкес сотталғандар арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Жарыс барысында қатысушылар арасында жеребе тартылып, алдын ала ойындар өткізілді. Тартысты әрі қызықты кездесулер нәтижесінде үздік ойыншылар анықталып, жартылай финалдық кезеңге жолдама алды.
Қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын, шапшаңдықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Жарыс достық және өзара құрмет атмосферасында өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да жазғы спартакиада аясындағы спорттық іс-шараларды жалғастырып, сотталғандардың дене тәрбиесін дамытуға және олардың әлеуметтік бейімделуіне бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізетін болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.