Жеке құрамның жауынгерлік дайындығы пысықталды - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Жеке құрамның жауынгерлік дайындығы пысықталды

33

Жамбыл облысы ҚАЖД №67 мекемесінде жеке құрамның жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру және төтенше жағдайларда жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру мақсатында жауынгерлік дайындық бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында қызметкерлер арнайы қорғаныс құралдарын, атап айтқанда қалқан (щит) мен касканы пайдалану тәртібін пысықтап, шартты түрде туындаған жағдайларда іс-қимыл алгоритмін орындады.

Іс-шара кезінде жеке құрамның жинақылығы, бөлімшелердің өзара іс-қимылы, берілген пәрмендерді уақытылы әрі нақты орындауы тексерілді. Сонымен қатар қызметкерлердің арнайы құралдарды қолдану кезіндегі тактикалық тәсілдері мен қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейіне ерекше назар аударылды.

Өткізілген оқу-жаттығу қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға, қызметтік міндеттерді сапалы орындауға және мекеменің жалпы жауынгерлік әзірлігін нығайтуға бағытталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.