Рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

31

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай №67 мекемесінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде шығарылып, жеке құрам Мемлекеттік Әнұранды орындады.

Мекеме қызметкерлері Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, олардың тәуелсіз еліміздің егемендігі мен бірлігінің басты нышандары екенін атап өтті. Салтанатты жиын барысында жеке құрамға Мемлекеттік рәміздердің маңызы түсіндіріліп, патриоттық тәрбиеге бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік рәміздер күні – әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін айқындайтын маңызды мереке. Іс-шара соңында қызметкерлерге Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу және олардың мәртебесін әрдайым жоғары ұстау қажеттігі туралы айтылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.