Жамбыл облысында «Халық әуені» туры басталды - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысында «Халық әуені» туры басталды

12

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Халық банкі демеушілігімен жүзеге асып жатқан «Халық әуені» жобасы аясындағы гастрольдік сапар Жамбыл облысында өз бастауын алды.

Алғашқы концерт Қордай ауданында жоғары деңгейде өтті. Кешке 500-ден астам көрермен жиналып, ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің орындауындағы қазақ және әлем халықтарының билерін зор ықыласпен тамашалады.

Концерт барысында Кенен Әзірбаевтың әнін орындаған Диас Мұратхан көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп, рухани кештің сәнін аша түсті.

Концерт соңында ансамбль артистеріне Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан алғыс хаттар табысталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.