Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемеде кәмелетке толмаған жасөспірімдермен тәрбиелік мәні зор әңгіме-сұхбат ұйымдастырылды.
Іс-шараны мекеменің тәрбие бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны А.Аташева жүргізді. Сұхбат барысында жасөспірімдермен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, қоғамға бейімделу және жеке жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, жасөспірімдер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар, олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру, дұрыс өмірлік бағыт таңдау және жағымды мінез-құлық дағдыларын дамыту қажеттігі атап өтілді.
Мұндай тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар мекемеде тұрақты түрде өткізіліп, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қоғамға оң көзқарасын қалыптастыруға өз септігін тигізуде.
