«Ұлт жадындағы ұлы есім» - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Ұлт жадындағы ұлы есім»

49

Тараз политехникалық колледжінде кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдық мерейтойына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлт жадындағы ұлы есім» атты әдеби алаң өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды қаламгердің бай әдеби мұрасымен таныстыру, оның шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау және жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында жазушының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, ұлт тағдыры мен ел бірлігін арқау еткен туындылары, оның қазақ әдебиетіндегі айрықша орны жан-жақты атап өтілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға жазушының белгілі шығармалары таныстырылып, ондағы тарихи шындық пен көркемдік шеберліктің үйлесімі туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Шара аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандарға қаламгердің еңбектері кеңінен насихатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.