«Жаужүрек мың бала» фильмі көрсетілді - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Жаужүрек мың бала» фильмі көрсетілді

20

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында тәрбиелік бағыттағы мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шара аясында сотталғандарға «Жаужүрек мың бала» көркем фильмі көрсетілді.
Фильм көрсетілімінің мақсаты – сотталғандардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихи санасын нығайту және ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Туынды қазақ халқының ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігін, батырлық пен бірліктің маңызын айқындай отырып, көрермендерге терең әсер қалдырды.
Көрсетілім барысында сотталғандар фильмді қызығушылықпен тамашалап, іс-шара соңында өзара пікір алмасты. Қатысушылар фильмнің тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтіп, мұндай мәдени шаралардың рухани дамуға оң ықпал ететінін жеткізді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің әкімшілігі тарапынан сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және оларды тәрбиелеу бағытындағы мәдени іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.