«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы Тараз қаласының тұрғындарын хабардар етеді: қаланың №1 және №2 мамандандырылған ХҚКО-ларын біріктіруге байланысты, 2026 жылғы 6 сәуірден бастап Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтарды тек бір мекенжай бойынша қабылдайды: Төле би көшесі, 198А.
Бөлімдерді біріктіру процестерді оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында жүргізілді.
Еске салсақ, бұған дейін қаланың мамандандырылған ХҚКО-лары екі түрлі мекенжайда орналасқан болатын. Қойгелді көшесі, 158А мекенжайында орналасқан №2 мамандандырылған ХҚКО жаңа мекенжайға — Төле би көшесі, 198А-ға көшірілді. Енді бір ғана мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
Айта кетейік, Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО-сы автокөлік иелеріне арналған барлық қызмет түрлерін бұрынғыдай көрсетуді жалғастырады.
Сондай-ақ, Тараз қаласының мамандандырылған ХҚКО-сы кезекші кесте бойынша жұмыс істейді: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні азаматтарды қабылдау 9:00-ден 12:00-ге дейін, құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
ЦОН приедет к вам: как оформить госуслуги, не выходя из дома
Келесі жаңалық