Өңірдегі көгалдандыру жұмыстары кеңес талқысына түсті - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Өңірдегі көгалдандыру жұмыстары кеңес талқысына түсті

9

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Экологиялық мәселелер» жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Жиында облыс бойынша көшет отырғызу, көгалдандыру, көріктендіру және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспарлар қаралды.

Аталған мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тунгатов пен «Жасыл-Тараз» ЖШС басшысы Азамат Әбішев баяндама жасады. Олардың мәліметінше, 2021–2025 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» өңірлік жоспары толық орындалып, облыс көлемінде 814,6 гектар аумаққа 12 түрлі 970 мың ағаш отырғызылған. Ал биыл Тараз қаласының өзінде 14 515 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Дегенмен, кеңес мүшелері егілген ағаштардың өсіп-өнуіне тиісті бақылау жүргізілмей отырғанын сынға алды. Баяндамашылардың өткен жылы отырғызылған көшеттердің нақты қанша пайызы жерсінгені жөнінде нақты мәлімет бере алмауы да сынға себеп болды.

Сондай-ақ, кеңес барысында ағаш отырғызу жұмыстарын алдын ала жоспарлау, сапалы күтім жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді. Себебі, бюджет қаржысына алынған көшеттердің бірқатары тиісті күтімнің жоқтығынан қурап қалуда. Кеңес мүшелері алдағы уақытта егілген ағаштарға тұрақты зерделеу және мониторинг жүргізу қажет екенін жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.