«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы 1 сәуірден бастап кезекші кесте бойынша Төле би көшесі, 89 Г мекенжайында орналасқан Тараз қалалық «Әулиеата» ауданының №1 ХҚКО-сы жұмыс істейтінін хабарлайды.
Сонымен қатар, Ұлы дала ш.а, 137 мекенжайында орналасқан Тараз қалалық «Әулиеата» ауданының №2 ХҚКО-сы әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.
Еске сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз қабылдайды, ал сенбі күні — 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Айта кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеріссіз қалады: мамандандырылған ХҚКО №1 — Төле би көшесі, 198А және мамандандырылған ХҚКО №2 — Қойгелді көшесі, 158А.
Олар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді, дайын құжаттарды беру 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні — 9:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру — 13:00-ге дейін.