A place where you need to follow for what happening in world cup

Көп балалы аналарды қабылдады

241

Мойынқұм ауданы әкімдігінің ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімі Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай көп балалы аналарды қабылдады.
– Көктемнің алғашқы күнімен таласа келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сіздерді отбасылық құндылықтарды сақтауға, балаларды тәрбиелеуге бағытталған өмірмен көпшілікке үлгі бола білген көп балалы аналарды құттықтап, тілек лебізімді білдіру үшін жинадық. Біз сіздердің аналық жауапкершіліктеріңізді және демографиялық жағдай ғана емес, елдің келешегін де жақсартатынын білеміз. Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін,- деп аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы жиналған көп балалы аналарға арнайы сыйлықтар, құттықтау хат пен гүл шоқтарын сыйлады.

Сондай-ақ ҚР Президентінің Жарлығымен берілген «Күміс алқа» орденін Алтынкүл Әбілдаеваға табыстап, деніне саулық тіледі. Кездесуге қатысқандар апайлар мен қыз келіншектер атынан Қылышбай ауылдық округінен келген Қаншайым Сыздықова апамыз бен Мирный ауылдық округінен келген Тиішкүл Тайшиевалар сөз алып, өздеріне көрсетілген құрмет үшін аудан әкімі Мәден Мұсаевқа алғыстарын айтып, ауданның өсіп-өркендеуіне жемісті қызмет етуін тіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.