A place where you need to follow for what happening in world cup

Мақсаты – айқын, ұстанымы – берік

218

Мойынқұм ауданының тұрғыны, 1985 жылы дүниеге келген Ғазиза Абуталипова небәрі 30 жасында бес баланы өмірге әкелген көп балалы, жалғызбасты жас ана. Оның жұбайы жол апатынан көз жұмып, өмірден ерте озды. Жарынан ерте айырылса да бес күндік бұл өмірде жазмыштан озмыш жоқ екенін жақсы түсінеді. Сөйтіп, бар қайратын бойына жиып, шиеттей бала-шағасын қатарынан қалдырмай, балаларымды қайтсе де асырап, жеткіземін деп алдына үлкен мақсат қоя білді.

Ол аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы кәсіптік курстан өтіп, өз бизнес жоспарын комиссияға ұсынады. Комиссияның оң шемімін алған соң өз ісін бастауға қайтарымсыз 505 мың теңге көлемінде қаражатқа қол жеткізеді. Аталған қаржыға неше түрлі тіл үйірер тәттілерді пісіруге қажетті техникалар сатып алады. Сөйтіп, үйде отырып өзінің қалаған ісімен айналысуға мүмкіндік алып, қазірде тапсырыспен торт, тәтті бәліштердің сан түрін пісіріп сатуда.

— Көп бала болса, бір-біріне қарайласып, бірін-бірі жетелеп тез өседі. Жастайынан қол ұстасып, бірге құшақтасып өскен бала мейірімді болады. Оның үстіне соңғы жылдары елімізде көп балалы аналарға мемлекет тарапынан мол қолдау көрсетіліп жатыр. Оған мыңда бір алғыс, — дейді Ғазиза Темірханқызы. «Бір отбасы – өзінше бір мемлекет» деп бекер айтылмаса керек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.