Таразда жастармен профилактикалық кездесу өтті - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда жастармен профилактикалық кездесу өтті

14

 

Тараз қаласында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 және №58 мекемелерінің қызметкерлері өткізді.

Кездесуге Тараз қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері, соның ішінде Тараз мемлекеттік университетінің жастары қатысты. Шара барысында студенттермен құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыптары кеңінен талқыланды.

Мекеме қызметкерлері бұзақылық әрекеттердің, сондай-ақ есірткі заттарын сақтау мен өткізудің қоғамға және адам өміріне тигізетін кері әсерлері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жастарға құқықтық мәдениетті арттыру, заңға құрметпен қарау және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мекеме қызметкерлері құқық бұзушылықтың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірме берді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда заңға құрмет сезімін қалыптастыру.

Осындай профилактикалық кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып, жастармен түсіндіру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.