Жамбыл облысында балалар жаңа полицейлік "Жас сақшы" сыныбында оқуды бастады - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысында балалар жаңа полицейлік «Жас сақшы» сыныбында оқуды бастады

5

Тараз қаласының №38 мектебінде «Жас сақшы» сыныбының ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге Тараз қаласының Полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Азимов қатысып, оқушыларды оқытудың жаңа кезеңінің басталуымен құттықтады.

Ол оқушыларға арнаған құттықтау сөзінде «Жас сақшы» бастамасы жастардың заң талаптарын құрметтеуіне, тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Сабақ барысында балалар құқық негіздерін меңгеріп, полиция қызметінің ерекшелігі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының рөлі туралы біледі.

Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, педагогтар мен оқушылар қатысты. Жас сақшылар салтанатты түрде ант беріп, арнайы куәліктері табысталды.

«Жас сақшы» жобасын іске асыру өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті дамытуға, сондай-ақ мектеп мен полиция бөліністері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.