Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев пен Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Айдана Бекберді Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде болды.
Мамандардың негізгі мақсаты сотталған азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, оларды ұстау жағдайларын зерделеу және мекеме ішіндегі құқықтық ахуалға мониторинг жүргізу болды.
Сапар барысында мамандар мекеме аумағын,оның ішінде медициналық бөлім, өндірістік аймақ пен асхананы аралап, жазасын өтеушілердің жатын орындары, тұрмыстық жағдайларымен танысты. Сондай-ақ медициналық көмекпен қамтамасыз етілу деңгейі және тиісті заңнамалардың сақталуы жан-жақты қаралды. Сотталғандар тарапынан арыз-шағым тіркелген жоқ.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекеме тарапынан құқықтық тәртіп пен халықаралық стандарттарға сай ұстау жағдайларын қамтамасыз ету адамгершілік пен заң үстемдігінің маңызды көрінісі екенін атап өтті.


