Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев пен Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Айдана Бекберді Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде болды.
Мекемеде мамандар мекеме басшылығымен бірге сотталғандарды жеке қабылдау өткізді. Онда ҚР Рақымшылық туралы заңы туралы толыққанды мәлімет беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қабылдау барысында жазасын өтеушілер уәкілге тікелей жүгініп, өздерін алаңдатқан сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Осылайша сотталғандардың мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар сотталғандардың шағымдану құқықтарын пайдалану мүмкіндіктері жан-жақты қаралды.
